Атаулы әлеуметтік қолдау

Қазақстандық мүгедектер арнайы таксидің көмегіне жүгіне алады

Қазақстандық мүгедектер арнайы таксидің көмегіне жүгіне алады, деп хабарлады «Сәби» қайырымдылық қоры.
Казахстан24 Желтоксан , 00:00

Арнайы «инватакси» көлігі елдің 16 қаласында қызмет көрсетеді. Олардың жалпы саны 52. Аталмыш көлік құралы тек мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдауға арналған. «Инватакси» жобасының мақсаты мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту, жол қозғалыстарын жеңілдету болып табылады. Бұл идеяны ұсынған «Сәби» қайырымдылық қоры. Жоба бюджеттік қаржыландыру негізінде іске асады.

Барлық машиналар мүгедектерді автомобиль салонына көтеруге және көліктен түсіруге мүмкіндік беретін гидравликалық көтергіш құралмен жабдықталған.

«Volkswagen» маркалы машина модельдері мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдайтын сенімді тасымалаушы болып табылады.

«Бір автомобильдің бағасы 40-50 мың доллар тұрады. Олардың барлығы арнайы көтергіштермен жабдықталған», - деп хабарлады «Сәби» қайырымдылық қоры.




Дерекнама

Яндекс.Метрика