Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Міндетті кәсіби салымдар зиянды өндірісте жұмыспен қамтылған азаматтардың зейнетке ерте шығуын қамтамасыз етеді – ҚР Еңбек министрлігі

Міндетті зейнетақы салымдары зиянды және ауыр жағдайларда жұмыспен қамтылған азаматтарға жүйеде үздіксіз қатысқан жағдайда зейнетке ерте шығуға мүмкіндік береді, деп хабарлады бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов.
Казахстан17 Сәуір , 00:00


«Зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыспен қамтылған тұлғалардың жеке зейнетақы шоттарына зейнетақы салымдарының 15% түседі, олардың 10% жұмыскердің өзінің еңбекақы төлеу қоры міндетті зейнетақы салымдары, 5% - жұмыс берушінің есебінен. Олар жүйеде үздіксіз қатысқан және тұрақты салымдар болған жағдайда зейнетке ерте шығу үшін жеткілікті зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді», -деді С.Әбденов.
Сонымен қатар, ол бұрын енгізілген ерікті кәсіби схема ерікті кәсіби салымдар есебінен зейнетақы жинақтарын арттыруды қамтамасыз етіп, зейнетке 53-55 жаста шығуға мүмкіндік беруі тиіс  болатын. 
 
Алайда, бүгінгі таңда 4 мың адам ғана жүйеге қатысушы болып табылады, олардың жинақтары 100 млн теңгеден сәл-ақ асады, ал еңбектің ауыр жағдайларында жұмыспен қамтылғандар саны 346 мың адамды құрайды.  

Министр №1 және №2 тізімдері бойынша жыл сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақылар алатын тұлғалар санының азаюы байқалғанын атап өтті.
 




Яндекс.Метрика