Түгел қамтитын экономикалық прагматизм

Қазақстан Орталық Азияда көшбасшы атануға мүмкіндігі зор

Қазақстанда Орта Азияның локомотиві болуына мүмкіндік туып отыр. «Перспектива -2050» зерттеу қорытындысы бойынша халықаралық сарапшылар осындай тоқтамға келді.
Әлемде06 Тамыз , 00:00

«Егер бұрынғы Кеңес одағында болған Қазақстан, Украина, Ресей секілді экономикасы дамыған елдерді салыстырсақ, таңдау Қазақстанға түседі. КСРО тарағаннан кейін Ресейде ең ірі экономика, Украинада тұрақты әрі үйлескен экономика болды, өйткені Қазақстанмен салыстырғанда оның алғашқы капиталы жеткілікті еді.  Ал Қазақстан керісінше бастапқы  капиталы төмен елдердің тобына кіретін», - дейді «Дағдарыстан кейінгі әлем» қорының жетекшісі Екатерина Шипова.

Оның айтуына қарағанда, 2006-2012 жылдардағы Қазақстанның даму қарқыны оның мүмкіншіліктері жоғары екендігін көрсетеді. Қазақстанның бүкіл Орта Азия елдерінің локомотиві болуына әрі азиялық жолбарысқа айналуына жақсы мүмкіндік туып отыр. Алайда бұл жерде тәуекелдер де жоқ емес, өйткені Қазақстан қазіргі жолымен жүрмесе, күш салған қарқынын бәсеңдетіп алуы мүмкін дейді, сарапшы. Оның айтуына қарағанда, 2050 жылға дейін Азия экономикалық тұрғыдан дами түспек.

«Қазіргі таңда Азия – жаңа күштер ықпалы мен экономикалық қуаттан құралған аймақ, онда тез дамып келе жатқан көп экономика бар. Бір жағынан Жапонияның басынан өткен секілді кедергі де болуы мүмкін. Азия – геосаяси қақтығыстардың перманенттік аймағы. Олар азаюдың орнына соңғы кездегі ахуалдан соң керісінше күшейе түспек. Алайда осыншама қатерге қарамастан, сарапшылар қауымдастығы Азия 2050 жылға дейін әлемде тез қарқынмен дамитын аймақ болып қала бермек», - деді Екатерина Шипова.

Оның айтуына қарағанда, бұл жаңа азия жолбарыстары пайда болатындығын көрсетеді. Яғни елдердің дамуы мен қарқынды болуына жағдай туып отыр. Сарапшы жаңа азия жолбарыстары ретінде Түркия, Индонезия, Вьетнам, Иран және Қазақстанды атады. 




Яндекс.Метрика