Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Қазақстан мен Корея «жасыл» технологиялар арқылы энергия өндіру жобаларын жүзеге асыру туралы келісім жасасты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған делегация Корея Республикасына сапары барысында іскерлік орта өкілдерімен бірқатар келісімге қол жеткізді.
Шығыс Қазақстан24 Желтоксан , 00:00

Ресми сапар барысында қазақстандық өкілдер Канвандо аймағының губернаторы Чой Мун Сунмен, осы аймақтың бірқатар компаниялары басшыларымен кездесті.

Шығыс Қазақстан облысының және ЧхунЧхон қаласының іскерлік ортасының өкілдері «СемАЗ» Семей зауыты базасында ШҚО жедел жәрдем көліктерін құрастыру жобасын жүзеге асыруға туралы екіжақты келісімге келді. 

ЧхунЧхон қаласы басшылығы маман алмасу және медицина қызметкерлерінің тәжірибесін арттыру туралы мәселенің маңыздылығына тоқталды. 

Сеул қаласында өткен басқосуда жергілікті ірі индустриалды компаниялардың басшылары мен қазақстандық делегаттар инновациялық «жасыл технология» тәсілімен энергия өндіру жайлы, көмір өндірісінің қалдықтарын өңдеу, марал мүйізін өңдейтін және алтай балын өндіретін зауыттардың құрылысы туралы, ШҚО аймағында ГЭС салу туралы келісімге келді. 

Жүргізілген келіссөздер барысында HKdfc., LTD и Kntechkorea Co., Ltd. Оңтүстік кореялық компаниялармен екіжақты меморандумға қол қойылды. 




Яндекс.Метрика