Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

Қазақстан ғалымдары ғылыми еңбектерінің 45%-ы шетелдік рейтингтік ғылыми басылымдарда жарыққа шықты

Қазақстан ғалымдары ғылыми жұмыстарының шамамен 45%-ы ғылыми рейтингтік шетел журналдарында жарыққа шығуда, деп мәлім етті бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов.
Казахстан26 Тамыз , 00:00

«2012 жылда 1405 жарияланым жарыққа шықты, 2013 жылдың І жартыжылдығында 800-ге жуық жарияланым, осы орайда олардың шамамен 45%-ы әлемдік рейтингтегі журналдарға шыққанын атап өту керек», - деді М.Орынханов.

Сонымен қатар ол ғылымды қаржыландыру көлемі артқанын атап өтті. Осылайша, вице-министр мәліметтеріне сәйкес, 2013 жылы Қазақстанда ғылымды дамытуға 52 млрд теңге бағытталған. Ол 2012 жылмен салыстырғанда 2 есе артық. 




Яндекс.Метрика