Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

БАҚ-та жасы мен жынысына қарай талап қойылған хабарлама үшін айыппұл салынады - Еңбек министрлігі

Қазақстанда Бұқаралық ақпарат құралдары басшыларына қатысты жасы мен жынысына қарай талап қойылған хабарлама таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ескертілген, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Казахстан16 Сәуір , 00:00


«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті БАҚ басшыларына арнайы хат жолдады, онда жасы мен жынысына қарай талап қойылған хабарлама таратқан үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ескертілген», - делінген ведомство хабарламасында.
Осылайша, ҚР Конституциясы мен Еңбек Кодексін басшылыққа ала отырып, ҚР ЕХӘҚМ Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті БАҚ басшыларын жынысы мен жасына қарай талап қойылған жұмысқа қабылдау туралы хабарламаларды жариялаудан бас тарту жөнінде ескертті. Осы заң талаптарын бұзған жұмыс берушілерге мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан айыппұл салынуы мүмкін.

Бүгінде, Еңбек министрлігінің мәліметінше, бұқаралық ақпарат құралдарында, көп жағдайда газеттерде, жұмыс берушілердің жынысы мен жасына қарай шектеу қоятын хабарламалары жиі кездеседі. Бұл, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің пайымынша, еңбек нарығындағы кемсіту болып есептеледі. 
Осыған байланысты, 2013 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу көзделген. 
 




Яндекс.Метрика