Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

Атамбаев: Қырғызстанның Кедендік одаққа кіруден басқа амалы жоқ

Қырғызстанның Кедендік одаққа кіруден басқа амалы жоқ. Бұл жөнінде «Ала-Арша» мемлекеттік резиденцияда өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеді.
Әлемде24 Желтоксан , 00:00

Оның айтуынша, енді КСРО болмайды. «Оны ешкім құрмайды. Біздің Кедендік одаққа кіруден басқа амалымыз жоқ. Мәселен, кедендік бақылау. Шекараны жауып тастады да, біздің сүт өнімдеріміз ол жаққа жеткізілмейтін болды. Біз 2010 жылы экономикалық шектеуге тап болдық», – деді ол. 

Президенттің айтуы бойынша, тарихи тұрғыдан алғанда Қырғызстанға Қазақстан мен Ресей жақын. «Сонымен қатар, Ресейде жұмыс істеп жатқан біздің 1,5 млн ұл-қыздарымыз жайлы ұмытпайық. Егер біз Кедендік одаққа кірер болсақ, онда мигранттар үшін де жеңілдіктер пайда болады», – деді мемлекет басшысы. 




Яндекс.Метрика