Шағын және орта бизнесті дамыту

БҚО-да «БЖК-2020» бойынша 7 жоба мақұлданды

Батыс Қазақстан облысының аймақтық үйлестіру кеңесі «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 7 жобаны мақұлдады.
Батыс Қазақстан26 Тамыз , 00:00

Отырыста жалпы 567 млн теңге сомасына 7 жаңа жоба қаралды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қолдауға ие болған жобалар түрлі салаларда ұсынылды.

Бірінші қаралған жоба – Ақсай қаласы 4 шағын ауданындағы 80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы. 2012-2020 жылдарға арналған аймақтық моноқалаларды дамыту бағдарламасына жататын жоба толығымен мақұлданды. Сондай-ақ, жалпы 283 млн теңге сомасына 6 жоба қаралды. Олар газ құбырының, электр желілерінің, автокөлік жолының, теміржол учаскесінің құрылысына байланысты жобалар. Және де отырыста аймақтық индустрияландыру картасына енгізу үшін жалпы 31 млрд теңге сомасына 4 жоба мақұлданды.




Яндекс.Метрика