Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

2013 жылы Қызылорда облысында 20-дан астам жаңа мектеп ашылады

2013 жылы Қызылорда облысында 20-дан астам жаңа мектеп ашылады. Бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов мәлімдеді.
Қызылорда24 Желтоксан , 00:00

«Қазір облыстың әрбір алтыншы тұрғыны – оқушы, ал әрбір жиырма алтыншы тұрғын – балабақша тәрбиеленушісі екенін есепке алсақ, онда 2013 жылы өңірдегі білім саласына 20,4 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінеді, – деді ол. – 6 ірі мектептің құрылысы басталады, бұл шамамен 3 000 орын, 4 балабақша – 1 120 орын, құрылысы басталған 14 мектеп пен 6 балабақша салынып бітеді». 


«Сондай-ақ, 8 мектеп пен 6 балабақша құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау жоспарлануда, – деді әкім. – 2013 жылы Қызылорда қаласына жақын орналасқан Досан ауылында 100 орынға арналған мектептің құрылысы аяқталатынын атап өткім келеді. Бұл мектепті біз мемлекеттік- жекеменшік серіктестіктің негізінде салудамыз». 




Дерекнама

Яндекс.Метрика