Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлер «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде кәсіби машықтанудан өтеді

Мемлекеттік қызметкерлер, сонымен қатар басқа да бірқатар салалардың қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелде кәсіби машықтанудан өту мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлады білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР Үкіметі отырысында.
Казахстан16 Сәуір , 00:00


«Тағы бір жаңалық - мемлекеттік органдардағы мамандарды кәсіби стажировкадан өткізу. Бұл - уақыт талабы. Біз аталған мәселені «Білім туралы» Заңда заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етеміз», - деді Б.Жұмағұлов.
Сонымен қатар, бағдарлама елдегі тапшы мамандықтар бойынша мақсатты топтарды ұйымдастыратын болады.

«Бұл мәдениет, журналистика, ақпараттық технологиялар саласына, сондай-ақ, техникалық және қоғамдық-саяси мамандықтарға, ұлттық қауіпсіздікке қатысты», - деп толықтырды ол.
Аталған жаңалықты жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдар өз саласындағы басым тақырыптардың спектрін анықтап, Білім және ғылым министрлігіне ұсынуы қажет.
Сонымен бірге, Білім және ғылым министрі атап өткендей, стипендиаттардың диссертациялық және зерттеу жұмыстарының тақырыптарын таңдауда  «Қазақстан - 2050» Стратегиясындағы міндеттеріне сүйенетін болады. 
 




Яндекс.Метрика