Инфрақұрылымды дамыту

Қазақстандық автонарық екі есеге ұлғайды

Қазақстандық автонарық екі есеге ұлғайды, деп хабарлады Қазақстандық автобизнес қауымдастығы.
Алматы қаласы24 Желтоксан , 00:00

«2012 жылғы қарашадағы нәтижелер бойынша жаңа автокөліктер мен коммерциялық техниканының қазақстандық автонарығы 2011 жылғы қараша айымен салыстырғанда Қазақстан аумағында импортталған және жасалған көліктер саны 107,19%-ға ұлғайды. Яғни, екі есеге ұлғайды», - делінген қауымдастық ақпаратында.


Өткен айда ресми дилерлер 10 552 техника бірлігін сатса, 2011 жылы осы кезеңде 5093 автомобиль сатылды. Бұнымен қатар, 2011 жылғы сәйкес мерзімге қарағанда сатылымның өсімі бойынша рекорд орнатқандар: бірінші орында - Renault (7 есе), екінші орында - Lexus, SsangYong, Skoda (4,5 есе).




Дерекнама

Яндекс.Метрика