Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

«Болашақ» бағдарламасын жүзеге асырғаннан бастап Қазақстанда 9 мыңнан астам стипендия тағайындалған - ҚР БҒМ

ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында 20 жыл ішінде 9 мыңнан астам стипендия тағайындалды, деп хабарлады білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов ҚР Үкіметі отырысында.
Казахстан16 Сәуір , 00:00


«Болашақ» бағдарламасы елімізге қажетті мамандарды даярлауға бағытталған. 1994 - 2013 жылдар аралығында 9250 стипендия тағайындалды. Бітірген түлектер саны - 5714. Ал, 2 796 стипендиат әлемнің 33 елінде білім алуда», - деді Б.Жұмағұлов.
Білім және ғылым министрлігінің басшысы атап өткендей,  бүгінде түлектердің 20%-ы мемлекеттік секторда жұмыс істейді. Сонымен қатар, ұлттық компанияларда - 21%, жекеменшік компанияларда - 55%, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарда - 4%. 
Бағдарлама түлектерінің мысалы ретінде министр «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті,
Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ғабидолла Әбдірахімовты, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» басқарма төрағасының орынбасары Куандық Бішімбаевты және басқаларын келтірді.
Сонымен бірге, министрдің айтуынша, «Болашақ» бағдарламасы экономика мен қоғамға зор үлес қосып отыр.
«Болашақ»  бағдарламасының Қазақстанға материалдық емес активтеріне тоқталғым келеді. Біріншіден, еліміздің әлемдік аренадағы беделін арттыру. Екіншіден, идеологиялық фактор... Бағдарлама сапалы білімнің жастар үшін тамаша әлеуметтік лифті екенін көрсетті. Үшіншіден, бағдарлама түлектері әлемнің үздік жоғары оқу орындарында өз құрдастарымен, яғни әлемнің болашақ элитасымен қарым-қатынас жасап, әлеуметтік капиталға да ие болуда. Мұндай ресурстың  келешекте маңызы өте зор», - деп атап өтті Б.Жұмағұлов.
 




Яндекс.Метрика