Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

«Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттігі» әкімдік өкілдеріне инновацияны мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша оқыту семинарларын өткізді

«Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ 34 аудан орталығы әкімдіктің, 7 облыстық әкімдіктің және Қазақстанның 8 кәсіпорнының 49 өкілі сынақ мерзімінен өтті, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Казахстан27 Тамыз , 00:00

«Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ машықтану мерзімін ұйымдастыру кезеңінен бастап 15-сәуірден 7-тамызға дейін 34 аудан орталығы әкімдіктің, 7 облыстық әкімдіктің және Қазақстанның 8 кәсіпорнының 49 өкіліне инновацияны мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша 6 оқыту семинарын өткізді», делінген ұлттық агенттіктің хабарламасында.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстай облыстары мен Алматы қаласы жақын арада қатысатын болады.

2013 жылдың 5-7 тамызында Агенттік ОҚО кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен Астана қаласындағы инвесторларға қызмет көрсету орталығы өкілдері үшін сынақ мерзімін өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ ҚР Премьер-Министрі С.Н.Ахметовтың тапсырмасын орындау мақсатында инновацияны мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша облыстардың өкілдерін оқыту семинарларын өткізуде.




Яндекс.Метрика