Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақтөбе облысында 450 мүгедек жұмыспен қамтылады

Ақтөбе облысында «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы бойынша 450 мүгедек жұмыспен қамтылады.
Ақтөбе30 Наурыз , 12:00

 «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастырылды.Жәрмеңкеге 98 жұмыс беруші, үш жұмысқа орналастыру агенттігі қатысып, 800-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды.

 Облыс әкімдігінде хабарлағандай, сондай-ақ, бағдарламасы аясында несие алып, шаруасын дөңгелентіп отырған азаматтар мен қолөнермен айналысатын мүмкіндігі шектеулі жандар өз тауарларын көпшілікке ұсынды.

 « «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы арқылы 500 мыңнан 3 миллион теңгеге дейін алты пайыз үстемемен несие беріледі. Қаржыны алған азамат оны төрт жарым жылда қайтаруы тиіс. Несие  дүкен ашудан басқа бизнестің барлық түріне беріледі. Мәселен, наубайхана, монша, шаштараз ашуға немесе мал шаруашылығымен айналысуға болады. Қарызды ай сайын немесе жылына екі рет төлеуге болады, — деді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалының өкілі  Нұргүл Нұрғалиева.

 




Яндекс.Метрика