Кедендік одақ

ҚР кеденшілері «Жасыл дәліз» жобасының даму перспективасын талқылады

Кедендік бақылау комитеті «Жасыл дәліз» жобасын дамытудың болашығы мен «Бекет» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы»» тақырыбына уәкілетті экономикалық операторлармен кеңес өткізді.
Казахстан29 Наурыз , 13:00

Ведомствода хабарлағандай, кездесудің негізгі мақсаты уәкілетті экономикалық операторлар институтын дамытудың басымдылықтары мен осы секторды кәсібилендіруді айқындау болып табылады.

Кеден одағының Кеден кодексі мен «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қабылдаумен Киото конвенциясы мен әлемдік саудадағы қауіпсіздігі мен жеңілдіктерінің Шеңберлік стандарттарына сәйкес жаңа уәкілетті экономикалық оператор (бұдан әрі – УЭО) түсінігі енгізілді.

Шеңберлік стандарттарына сәйкес УЭО – бұл қызметі  тауарларды жеткізу тізбегіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиісті нормалары сияқты мақұлданған кедендік әкімшілендіруді алған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар.

УЭО-ның тәжірибесін пайдаланудың негізгі мақсаттары кеден органдары мен бизнес бірлестіктері арасындағы ынтымақтастық жүйелерін дамыту, кедендік рәсімдерді оңайлату мен жеделтету, әкімшілік кедергілерді төмендету болып табылады.

Осы оңайлатудың нәтижесі қаржы және уақыт шығындарын едәуір төмендету, айналым құралдарын арттыру болып табылады.

Бүгінгі күнге Қазақстан Республикасында УЭО мәртебесінде 69 заңды тұлға әрекет етеді.

Соңғы жыл ішінде кеден заңнамасын бұзудың тұрақты жоғары тәуекелі сақталған, контрабандалар мен сыбайлас жемқорлықтар пайда болған проблемалық учаске кедендік шекарадағы қазақстан-қытай учаскесі екені белгілі.

Шекарадағы осы учаскеде пайда болған сыбайлас жемқорлық пен криминалды алдын алу бойынша жүйелік шараларды әзірлеу, сондай-ақ елдің көліктік-логистикалық секторын дамытуға жағдай жасау мақсатында Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комиетімен, Бас прокуратурасы, Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен, сондай-ақ Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жағдайға жан-жақты талдау жүргізген болатын.

«Жасыл дәліз» - бұл кедендік тазартудағы уақытты қысқарту, кедендік шекара арқылы көлік құралдарының өтуін тездету үшін жағдай жасауды көздейтін, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін заңды тұлғалардың тауарларды өткізудегі арнайы тәртібі.




Яндекс.Метрика