Евразиялық экономикалық кеңістік

ҚР Премьері С. Ахметов Беларусь елшісін қабылдады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Валерий Брылевті біздің еліміздегі дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты қабылдады. Бұл туралы ҚР Премьер- Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Казахстан08 Наурыз , 00:00

Кездесу барысында Қазақстан - Беларусь екіжақты қарым-қатынасын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. «Біздің елдеріміздің арасындағы тығыз экономикалық қатынас жолға қойылды»,- дей келе, С.Ахметов «толығымен жүзеге асырылмай отырған» өзара іс-қимылдың әлеуеті де зор екенін атап өтті.
Кедендік одақ пен Біріңғай экономикалық кеңістік аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктердің бар екенін айтқан Үкімет Басшысы «машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс, туристік салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге» де тоқталды.
В.Брылев өз кезегінде экономикалық, білім беру, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағы зор екенін атап көрсетті.




Яндекс.Метрика