Өңірлер

Ақмола облысында «БЖК-2020» бойынша 4 жыл ішінде 238 жоба қолданды

Ақмола облысында «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы талқыланды.
Ақмола29 Наурыз , 11:30

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, жалпы, аймақ бойынша «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы аясында 2010-2014 жылдар аралығында 238 қолдауға ие болды. Оның ішінде субсидиялық пайыз бойынша қайта қайтарылатын – 155 жоба, шағын бизнес бойынша несиелік кепілдендіру бойынша -14 жоба, инфрақұрылым бойынша – 32 жоба, кепілдендірілген қаржылық бойынша – 14 және экспорт бойынша 23 кәсіпорын қолдау тапты.

Сондай-ақ, 5166 адам қаржылай емес қолдауға ие болды. Оның ішінде 2494 адам «Бизнес кеңесші» жобасы арқылы білім алды. 114 адам «Іскерлік байланыс» бойынша болса, 21 адам бағдарлама бойынша АҚШ және Германияда тәжірибеден өтті.

Кәсіпкерлік басқармасы жетекшісінің есебін тыңдағаннан соң, Т. Хамитова мен аймақ басшысы Қ. Айтмұхамбетов «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы туралы барлық ауылдарды ақпараттандыруды тапсырды.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика