Өңірлер

БҚО-да Кәсіпкерлер палатасы мен ТЖД ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық Төтенше жағдайлар департаменті кәсіпкерлердің құқын қорғау туралы меморандумға қол қойды.
Батыс Қазақстан29 Наурыз , 11:00

Меморандум бойынша кәсіпкерліктің барлық ағыты бойынша қолдау көрсету қарастырылған.  Ол кәсіпкерлікті дамыту және кедергілерді алу мақсатын көздейді, деп ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында хабарлады.

«Аталмыш меморандумға қол қойылу психологиялық тұрғыдан да өте маңызды, ол кәсіпкерлерге деген көзқарасты өзгерту мен халықты  бейімдеуге бағыттауға арналған. Біз серіктес болғандықтан мақсатымыз бір, халықтың жағдайын жақсарту. Президент Жолдауынан кейін ШОБ субьектілеріне тексеріске мораторий енгізу Жарлығына қол қойылды. Біз ақпараттандыру жұмысына көп көңіл бөлетін боламыз»,-деді ТЖД жетекшісі Қадыр Бисембаев.

Айта кетерлігі, екіжақты ұсыныстарды жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданды. Онда жасалып жатқан жұмыстарды тиімді жүргізу мәселесі қаралды. Тараптар ынтымақтастықтың әр түрлі бағытын қолданатын болады. Оның ішінде ТЖ мен бизнес қауымдастықтың арасындағы қарым-қатынас талқыланатын болады.

 




Яндекс.Метрика