2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

«Мәңгілік Ел» бізді бір елдің азаматы етеді – М.Чернышова

«Мәңгілік Ел» бізді бір елдің азаматы етеді, дейді «Қазақстанның орыс қоғамдастығы» ҚБ СҚБ жастар қанатының мүшесі Мария Чернышова.
Солтүстік Қазақстан29 Наурыз , 10:30

«Қазақстанның орыс қоғамдастығы» Қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан бөлімшесі жастар қанатының мүшесі ретінде маған Мәңгілік Ел туралы сөз өте маңызды. Мәңгілік Ел – біздің қоғамның ұлттық идеясы. Бұл бізді біріктіретін және бір елдің азаматы ететін құндылық. «Мәңгілік Ел» сөзі мені өзімнің туып-өскен, еңбек еткен Отаным ретінде саналады», - дейді М.Чернышова.

Сонымен қатар, ол «Мәңгілік Ел» идеясы – еліміздің барлық ұлты мен этнос өкілдерінің басын біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясы.

«Күшті, мықты, ірі мемлекеттің Ассамблея секілді кішігірім «әлемнен» басталатынын түсінеміз. Онда адамдар жоғары рухани құндылықтарға ие, толерантты және бейбітсүйгіш. Осы сынды қасиеттерге ие азаматтар «Мәңгілік Елді» құрайды. Біз, «Қазақстанның орыс қоғамдастығы» Қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан бөлімшесі жастар қанатының мүшелері Президенттің алға қойған мақсаттарын орындаймыз деп сенеміз. Қазақстанның әлемдегі ең қуатты мемлекет етуі үшін біз барлық жұмысты атқарамыз», - дейді М.Чернышова.




Яндекс.Метрика