Инфрақұрылымның дамуы

Астанада МЖК бойынша 2 автовокзал салынады

Қостанай мен Қарағанды бағытындағы көшпелі магистральдарда екі автовокзал салу жоспарланған.
Астана қаласы28 Наурыз , 16:20

Астана қаласының ресми порталы хабарлағандай, елордада мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде Қостанай және Қарағанды бағытындағы көшпелі магистральдарда екі автовокзал салу жоспарланған. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті 31-сессиясында «Қаланың қоғамдық көлігі жұмысының жай-күйі мен оларды жақсарту шаралары туралы» мәселені қарау барысында белгілі болды.

«Біз мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде Қостанай және Қарағанды бағытындағы көшпелі магистральдарда екі автовокзал салуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда аталған жобалар бойынша жер телімдері бөлінді, техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді, бір айдың ішінде қорытынды шығарылады», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстары 2014 жылғы 3 тоқсанда басталады, бірақ концессионерді анықтау байқауының қорытындысы бойынша бұл мерзім түзетілуі мүмкін. 

 

 

 




Яндекс.Метрика