Мәдениетті жаңғырту

ҚР Президенті Қазақстанның өнер және мәдениет өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы композитор Шәміл Әбілтаевпен және жазушы Дулат Исабековпен қатысты.
Астана қаласы28 Наурыз , 16:08

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Ш.Әбілтаев өзінің қызметі туралы айта келіп, шығармашылық жоспарлары жөнінде ой бөлісті.

Кездесу барысында композитор Мемлекет басшысы 1973 жылы Теміртауда жұмыс істеп жүрген кезінде сөзін жазған «Шұбар ат» әнін орындады. Ш.Әбілтаев өзі шығарған «Қазақстан – Нұрсұлтан» күй-портретті де орындап берді.  

Әңгіме барысында отандық мәдениетті дамыту мәселелері мен қазіргі заманғы әдеби үдерістердің аспектілері талқыланды.

Мемлекет басшысы қазақстандықтардың мәдени және рухани баюына тікелей ықпал ететін жазушылар мен барлық шығармашылық өкілдері қызметінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ баршасына табыс тіледі.

Д.Исабеков өзінің соңғы жазған туындылары мен шығармашылық жоспарлары жөнінде әңгімеледі. Атап айтқанда, ол алдағы уақытта Лондонда ағылшын тіліндегі кітабының тұсаукесері және «Өкпек жолаушы» пьесасының премьерасы өтетінін айтты.  

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика