Қалаларға шоғырлану

ИЖТМ-де мұнай-газ машина жасау саласында қазақстандық мазмұнды дамытуға қатысты жаңа әдіс-тәсілдер талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің төрағалығымен индустрияландырудың екінші бесжылдығы төңірегінде мұнай-газ машина жасау саласын дамыту бойынша кеңес өтті.
Астана қаласы28 Наурыз , 16:00

ҚР ИЖТМ және Қазақстан машина жасаушыларының одағы ұйымдастырған кездесуге 40-тан астам отандық және шетелдік кәсіпорын - мұнай-газ компаниялары және, атап айтқанда, ТШО үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді берушілер шақырылды, деп ведомствода хабарлады.

Индустрияландыру бағдарламасы төңірегінде машина жасау саласының алдында өнімнің жаңа түрлерін игеру, технологиялар трансферті, өнім сапасын және еңбек ресурстарының біліктілігін арттыру міндеті тұр.

Қазақстан машина жасаушылары одағының өкілдері белгілегендей, осы міндет тауарлар мен қызметтердің шетелдік берушілерімен тығыз ынтымақтастықты орнату арқылы ТШО кеңейту жобасы аясында шешіледі деп жоспарланады.

«Мәселенің мән-жайы мынада жатыр: қазақстандық мазмұн бойынша талаптары бар мұнай-газ операторлары осы норманы өз өнім берушілеріне де таратады. Бұл шара  өзара тиімді болмақ - шетелдік машина жасау компаниялары қазақстандық әріптестермен бірге мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын, ал мұнай-газ операторлары - сапалы өнімді алады», - деп айтты Әсет Исекешев.

Айта кетерлік, қазақстандық мазмұнды дамыту саясаты отандық бизнесті қолдау ісінде ең басты бағыттардың бірі болып табылады. Іске асырылып жатқан ҮИИД бағдарламасы төңірегінде, 4 жылдың ішінде жергілікті мазмұн мониторингінің субъектілері 31,2 трлн. теңге сомасына тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алды, оның ішінде 56,5% (17,6 трлн. теңге) отандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің үлесі. 2010 жылмен салыстырғанда, 2013 жылы отандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің үлесі 15 % артып, мониторинг субъектілерінің жалпы сатып алу көлемінде 63,1% құрады.

 

 




Яндекс.Метрика