Өңірлер

Павлодар облысы егіс алаңын 59 мың га ұлғайтады

Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, 2014 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын егіс алаңы 1141,3 мың га егу жоспарланған, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 59,0 мың га артық.
Павлодар28 Наурыз , 18:35

Облыс әкімдігінде,өңірдің шаруашылық субъектілері ауыл шаруашылық дақылдарының жаздық егісінің 122,7 мың тонна тұқымын (немесе жоспардың 136%-ы) дайындап қойған, оның ішінде 93,0 мың тонна дәнді-дақыл тұқымы (103%) бар.

 Қазіргі уақытта 71,2 мың тонна тұқым тексеруден өтіп, сұрыпталған деп табылуда.

Ауыл шаруашылық техникасын дайындау жұмыстары жалғасуда. Тракторлардың дайындығы - 93%, ал соқа мен тұқымсепкіштікі 94%-ды құрап отыр. Егін науқанына 112 себу кешені қатысатын болады.

 



Яндекс.Метрика