Евразиялық экономикалық кеңістік

Б. Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына қатысты

27-28 наурызда Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Әлемде28 Наурыз , 15:35

Кеңес отырысында Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікті одан әрі дамытудың мейлінше көкейкесті мәселелері қаралды, деп ҚР Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

Отырыс күн тәртібі негізгі мәселелерінің бірі Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім жобасын әзірлеу жайы болды.

Әріптес елдермен бірге Келісім жобасын дайындау барысындағы негізгі тұстар, сондай-ақ мемлекеттердің өзара тиімді мүдделерін қанағаттандыруға және интеграцияны одан әрі дамытуға бағытталған ережелер талқыланды.

Атап айтқанда, сауда саясаты мәселелері, техникалық реттеу және санитарлық-фитосанитарлық шаралар бойынша жемісті талқылаулар болды.

Экономиканы дамытудың өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік, валюта саясаты, қаржы рыноктары сияқты негізгі секторлары бойынша тараптар ортақ пікірге келіп, аталған салаларды өзара тиімді дамыту мүмкіндіктері Келісім жобасына енгізілді.

Сондай-ақ, бәсекелестікті дамыту, көлік, энергетика және табиғи монополиялар салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Тұтастай алғанда, Келісім жобасын дайындауды талқылау қортындысы барысында, өзара тиімді әріптестіктің негізгі аспектілері бойынша елеулі табысқа қол жеткізілді.

Бұдан басқа, Кедендік одақта тұтынылатын жоғарғы технологиялық сала үшін материалдар өндіруді дамыту мақсатында әкелінетін сирек металдарға қатысты баж салығын төмендету туралы шешім қабылданды.

Экономикалық интеграцияны дамыту бағытындағы бірлескен жұмыс-жоғарғы әріптестік деңгейінің және мемлекеттердің тең құқықты қарым-қатынас әлеуетін тиімді пайдалануға пейіл екендіктерінің жарқын көрінісі болып табылады.

 




Яндекс.Метрика