Парламент

Мәжіліс Бюросы пленарлы отырыстың кезекті отырысын белгіледі

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыста қаралатын мәселелер анықталды.
Астана қаласы28 Наурыз , 15:20

ҚР Парламенті Мәжілісінде хабарлағандай, депутаттардың қарауына Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісімінің күшін жоюға қатысты заң жобасы ұсынылады.

Сонымен қатар, жалпы отырыста  «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» Заң жобасы қаралады.

Сондай-ақ, Палата қарауына Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін белгілеу ұсынылып отыр. 

Күн тәртібі жобасында ішкі істер органдары туралы заң жобасына қатысты Сенат енгізген түзетулер де қамтылған.  




Яндекс.Метрика