Білім беру

Ақтөбе облысында мүгедек балалардың 36%-ы инклюзивті білім алады

Өңірдегі инклюзивті білім берумен қамтамасыз етілген мүгедек балалардың пайыздық көрсеткіші 36% құрайды.
Ақтөбе28 Наурыз , 14:55

Облыстық білім беру басқармасы жетекшісінің орынбасары Руслан Бегімбаевтың айтуынша, өңірде 4 арнайы мекеме осы бағытта жұмыс істейді. Бүгінде Ақтөбе облысында мүгедек балалардың 36%-ы инклюзивті білім алады. Аталмыш білім беру жүйесінегі жағдай 200 жалпы білім беретін мектептер артық болмаса кем емес.

Сонымен қатар, облыстық әкімдіктің мәліметінше, тілдік мүкісі бар балаларға арналған арнайы мектепке деген мұқтаждық бар. Облыстың мүгедек балаларының 40 пайызы осы сырқатпен ауыратындар.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесіне арналған жиында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов басқарма басшылығына ақтөбелік мектептерге тиісті құрылғыларды шеткізуге кәсіпкерлерді де тартуды тапсырды. Осы арқылы динклюзивті оқытатын мекемелердің де саны артпақ.




Яндекс.Метрика