Өңірлер

Қазақстанда жазаның балама шаралары жиі қолданыла бастады – Бас прокуратура

Қазақстанда жазаның балама шаралары жиі қолданыла бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Бас прокурордың орынбасары Нұрмұханбет Исаев мәлімдеді.
Астана қаласы 28 Наурыз, 14:08

«Өткен жылдың қараша айында еліміздің Бас Прокуроры тұтқындауға балама ретінде кепілдік беру шарасын кеңінен қолдану туралы нұсқау берді.Барлығымыз жақсы білетіндей, бұл – бүкіл әлемдік тәжірибе. Ал бізде әлі қолданылмаған десек те болады. Дегенмен, қозғалыс бар», - деді Н. Исаев.  

«Егер өткен жылы кепілдік шарасы 20 рет қана қолданылса, соңғы төрт айда ғана ол 900-дей адамға қатысты қолданылып отыр»,- деп атап көрсетті Н.Исаев өз сөзінде.

 «Тоқтамай отырған азаптау фактілері халықтың полицияға деген сеніміне көлеңке түсіріп отырған проблема. Біз, барша халықаралық қоғамдастық сияқты, ондай құбылысқа жол бермеуіміз керек және ондайды ешнәрсемен ақтап алуға болмайды деген пікірді берік ұстанамыз. Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап көрсеткендей, «үлкен өкілеттікке және погонға ие адамдар жоғары кәсіпқойлықпен және кіршіксіз іс-әрекетпен ерекшеленулері тиіс», -деді Бас прокурордың орынбасары өз сөзінде.

«Жоғарыдағыдай фактілерге прокурорлар міндетті түрде үн қатады, тек қана өткен жылдың өзінде 52 қызметкерге қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді, олардың 46-сы жазаланды.

Бүгінгі таңда 19 қылмыстық іс тексерілуде, деді ол.

 

 

 

 





Яндекс.Метрика