Өңірлер

ҚР ӨДМ нысандардың қауіптілік деңгейіне тәуелді рұқсат беру категориясын дайындады

ҚР Өңірлік даму министрлігі нысандардың қауіптілік деңгейіне тәуелді рұқсаттама категориясын дайындады, деп мәлімдеді Үкімет отырысында ведомства басшысы Болат Жәмішев.
Астана қаласы28 Наурыз , 13:14

«Қазіргі таңда Қазақстанның рұқсаттама жүйесі – унифициалды әдіс пен бірыңғай құрылымы жоқ рұқсаттамаларға байланысты көптеген реттеу нысандары болып табылады. Рұқсаттама жүйесінде қауіпті басқару жүйесін енгізу үшін реттелмелі нысандардың қауіптілік деңгейіне тәуелді рұқсаттаманың категориялары дайындалды», - дейді министр.

Осы орайда рұқсаттама және ескерту тәртібін енгізу үшін мемлекеттік органдар өзара реттеу сараптамасы процедурасын алдын ала өткізуі керек. Ведомствааралық комиссияның қарауымен мен мақұлдауынан кейін рұқсаттама Заң қосымшасына енгізіледі.

«Алайда Заңның қосымшасына рұқсаттаманың немесе ескертудің енгізілгенінен кейін олар тұрақты түрде мемлекеттік және құзіретті органдар тарапынан енгізілгеннен кейінгі аралықта жеткен жетістіктері бойынша бағаланып отырады», - дейді Б.Жәмішев.

Сонымен қатар заң жобасы арқылы лицензиялау заңнамасындағы бүгінгі таңдағы бірқатар мәселелер шешімін таппақ.

«Қолданыстағы «Лицензиялау туралы» ҚР Заңы Заңға жаңа лицензия енгізілгенінен кейін құжаттар тізімі мен біліктілік талаптарын реттейтін заңнамалық акт қабылдануды талап етеді. Мұндай акттер қабылданған күнінен бастап 21 күннің ішінде іске қосылады. «Лицензиялау туралы» ҚР Заңына сай, 6 айға дейінгі мерзім ішінде лицензияны тоқтату мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар заңнамада лицензиядан айыру жағы да айтылады», - дейді.

Министрдің айтуынша, заң жобасы рұқсаттаманы тоқтату үшін негізделген заң бұзушылықты орнына келтірген жағдайда кәсіпкер тоқтату мерзімінің аяқталғанына дейін растайтын құжаттардың қосымшасымен заңбұзушылықты алып тастау туралы өтініш беруге құқылы.




Яндекс.Метрика