Өңірлер

Прокуратура органдары қылмыстар өтініші бойынша жедел шешім қабылдауға бейімделді – Н. Исаев

Прокуратура органдары қылмыстар өтініші бойынша жедел шешім қабылдауға бейімделді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Бас прокурордың орынбасары Нұрмұханбет Исаев мәлімдеді.
Астана қаласы28 Наурыз , 13:05

«Қылмыс  бойынша  келіп  түскен өтініштерді қарастыруда ерекше көңіл бөлеміз. Осыған дейін барлық органдардың қызметкерлері 3 күндік мерзімді өзінің қызметі емес, құқығы ретінде қарастырған. Бас прокурордың тарапынан нормативті мінезде бұл тәртіпке бағынуды қатаң қадағалайтын боламыз. Қорытындысында, органдар тіркеуге деген қарым-қатынасын өзгертіп қана қоймай, жедел шешім қабылдауға үйренді», - деді Н. Исаев.

Оның айтуынша, 100-дің ішінен 90 өтініш жазушы 3 тәулік  ішінде олардың өтініші бойынша қандай шешім қабылданғанын біледі.

«Біз қалыптасқан тәжірибені түзетуге көштік, қылмыс туралы өтінішті барлық қызметкерлер алатын болды, ал бірақ ол тергеуші мен қараушының жұмысы», - деді Н. Исаев.

Айта кетейік, 2013 жылдың тамыз айында ҚР Бас прокуроры келген өтініштерді тек тергеуші мен қараушының қарауы туралы шешімге қол қойды. 




Яндекс.Метрика