Басқару

С. Ахметов Өңірлік даму министрлігіне Мәжіліске рұқсат беру жүйесінің заң жобасын тапсыруды жүктеді

Бүгін Үкімет отырысында «Рұқсат беру және өтініш» және «ҚР кейбір рұқсат беру жүйесінің заң актілеріне өзгертулер мен тлықтырулар енгізу» заң жобаларын талқылау барысында ҚР Премьер-Министрі Өңірлік даму министрлігіне 2014 жылдың 1 сәуіріне дейін аталмыш заңды Мәжіліске енгізуді тапсырды.
Астана қаласы28 Наурыз , 12:50

 «Жалпы, бұл заңды қабылдау аталған мерзiмдi уақытылы орындауға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ келесi жылдан бастап бiздiң экономикамыздың мемлекеттiк реттелуiн кешендi түрде жүргiзiп, жаңа сапалы деңгейiне өтуiге жол ашады. Заңды қабылдау қыркүйек айында парламентке мемлекеттiк бақылау мәселелерi бойынша жаңа заңды, ал жыл соңына қарай өзiн-өзi реттеу бойынша заң жобасын енгiзу үшiн қажет үкiмет ресурстарын дұрыс үлестiруге мүмкiндiк бередi», - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, аталмыш заңды қабылдау келер жылға дейін ел экономикасын қадағалауға кешенді өтуге мүмкіндік береді.

 «Заң жобалары рұқсат беру жүйесiнiң бiрқатар жүйелiк проблемаларын шешуге бағытталған. Оларды қабылдағаннан кейiн бизнеске негiзсiз рұқсат беруге мықты тосқауыл қойылатын болады және жаңа рұқсаттар олардың бiрыңғай тiзiмге енгiзiлiп, тұрақты түрде әрекет ету талдауын өткiзгеннен кейiн ғана пайда болады. Бұған қоса, ел Президентiнiң Жарлығымен 2015 жылдың 1 қаңтарына дейiн рұқсат берудi автоматтандыру жұмысын аяқтау тапсырылған болатын. Бұл заңды қабылдау аталған мерзiмдi уақытылы орындауға мүмкiндiк бередi,», - дедi С.Ахметов.

Айта кетейік, ҚР Президентінің Жарлығымен 2015 жылдың 1 қаңтарында рұқсат беруді автоматтандыруды тоқтату қарастырылған.

 

 




Яндекс.Метрика