Өңірлер

ҚР-да аса ауыр және ауыр қылмыстардың саны азайды - Н.Исаев

Қазақстанда қылмыстық ахуалдың күрделенгені байқалмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте ҚР Бас Прокурорының орынбасары Нұрмаханбет Исаев мәлім етті.
Астана қаласы28 Наурыз , 12:45

«Президенттің халыққа Жолдауда және 2013 жылдың 30 қаңтарында  атап өткен тапсырмаларын орындай мақсатында біз қылмыстық қадағалау және прокуратура қызметкерлері ешкімге керек емес сандар мен пайыздарды емес, керісінше, өзінің жұмысының негізі ретінде адамдардың мүддесі мен құқығын алуды дағдылануға үйретпекшіміз», - деді Н. Исаев.

Оның айтуынша, дәл осы міндетті жүзеге асыру үшін тәжірибеге енгізіліп жатқан прокуратура қызметіндегі және сотқа дейінгі қылмыстық процестердегі концептуалды өзгерістер бағытталған.

«Аталмыш жұмыстар шеңберінде біз республикалық деңгейде ақпараттық-сараптамалық жұмыстар қадағалайтын функциялары бар орындар мен прокурорларды дайындай жұмыстары жаңа ҚПК шеңберінде күшейтілді», - деді Н. Исаев.

Осы ретте, елімізде қылмыстық ахуалдың күрделенгені байқалмайды.

«Айтарлықтай көлемде аса ауыр және ауыр қылмыстардың саны азайды. Сонымен қатар, адам өлтіру, тонау және бұзақылық қылмыстарыда анықталды. Осыған қарамастан, қылмысты түбінен жоймайынша барлық қылмыстарды тіркеу жұмыстары өз жалғасын табады», - деп Н. Исаев атап өтті.




Яндекс.Метрика