Басқару

Үкіметте ҚР-дағы рұқсат беру заңнамасының жаңа ұстанымдарын енгізу заң жобасы мақұлданды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Рұқсат беру және ескерту туралы» және «Рұқсаттама жүйесі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасның заң жобалары талқыланды.
Астана қаласы28 Наурыз , 12:30

«Негізгі заң жобасы үш бөлімнен тұрады. Оған «Лицензиялау туралы» заң толықтай енгізілді. Заң жобасының осы бөлігі саладағы бүгінгі таңда кездесіп жатқан қиындықтарды ескере отырылып жетілдірілді. Сонымен қатар заң жобасына «Әкімшілік процедуралар туралы» ҚР Заңының ескерту туралы тармақтары толықтай енгізілді. Заң жобасының үшінші бөлігі басынан бастап жазылып, лицензия емес рұқсаттама процедураларын реттеуге арналған. Заң жобасының қосымшасына 742 құжат қосылды. Соның ішінде 709-ы рұқсат беру болса, 33-і ескерту болып табылады», - деп мәлімдеді ҚР өңірлік даму министрі Болат Жәмішев.

Жалпы, негізгі заң жобасы Қазақстанның рұқсаттама жүйесіндегі бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтар болсақ олар: рұқсат берудің тұрақты түрде артуы, жаңа рұқсаттардың негізсіз енгізілуі, рұқсаттама жүйесіндегі қатер бағасын қолданбау, рұқсаттаманың тәртіпке бағындауы (біріңғай әдістің жоқтығы), рұқсаттама ұғымының жоқтығы.

«Заң жобасы арқылы негізгі мәселе – рұқсаттама ұғымының жоқтығы өз шешімін тапты. Осылайша барлық талаптарға сай келетін құжат рұқсат немесе ескерту болып табылады: біріншіден, қызметті бастағанға дейін аталмыш құжат алынуы керек, екіншіден, оны міндетті түрде алу қажет, алмаған жағдайда жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар рұқсатты беру немесе ескертуді алу мемлекеттік органдар арқылы жүргізіліп, кәсіпкерлік субъектілеріне таратылады», - дейді министр.

Оның айтуынша, құзіретті органдар талаптарға сай тексеріс жүргізіп, рұқсат бере алады.

Аталмыш заң жобасының басты ерекшеліктерінің бірі ұстанымдардың декларативті болмауында. Олар әрбіріне нақты іске асыру механизмдерін қарастырады.

«Рұқсат беру және ескерту бойынша заңды қабылдай отырып тәртіп Заңның қосымшаларында қарастырылған рұқсат беру мен ескерту тізіміндегі рұқсат беру мен ескертуге сай енгізілу арқылы жүзеге асырылады», - дейді ведомство басшысы.




Яндекс.Метрика