Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Ақтөбе облысында мемқызметкерлердің еңбек өтілі 11 жылды құрайды

2014 жылдың 1 қаңтарына Ақтөбе облысында 4717 мемлекеттік қызметкер (өткен жылы - 4553) жұмыс жасайды. Мемлекеттік қызметтегі орта қызмет өтілі 10,9 жылды құрайды.
Ақтөбе28 Наурыз , 12:10

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, оның ішінде 2608 әйел немесе 59%.

Басшылық санатта әйелдер санының артқаны байқалды. 21 облыстық басқарманың сегізінде бірінші басшы лауазымын әйелдер атқарып отыр.

Оның ішінде 6 саяси мемлекеттік қызметкер, «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері - 18, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері - 2338.

2014 жылғы 1 қаңтарына жоғары білімді мемлекеттік қызметкерлер саны 3770 - 85,2% құрайды (2012 жылы - 83,7%).

2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 44 мемлекеттік қызметкер қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында 1 мың адамнан астам мемлекеттік қызметкер курстардан өтті.

 

 




Яндекс.Метрика