Өңірлер

«ҚазАгро» 2013 жылы Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешенін 7,4 млрд. теңгеге қаржыландырды

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі компаниялар тобымен Қарағанды облысының агроөнеркәсіп кешенін қаржыландырудың көлемі 2013 жылы 7,4 млрд.теңгені құрады. Бұл туралы Қарағандыда өткен көктемгі-егіс жұмыстарын субсидиялау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және оларды қаржыландыру тәртібі сұрақтары қарастырылған жиналыста «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлім етті.
Қарағанды28 Наурыз , 12:20

Бүгінде  «ҚазАгро» Холдингінің инвестициялық қоржыны жалпы республика бойынша 254,8 млрд.теңге сомасына 373 жобаларды құрайды, оның ішінде  Қарағанды облысы бойынша жалпы құны 17,2 млрд.теңгеге 18 инестициялық жоба болса, құрылған жұмыс орындарының  саны - 903 пайдалануға берілген уақытта. Бүгінгі күні пайдалануға 5,0 млрд.теңгені құрайтын 14 жоба берілді. Қарастырылу үстінде 5,4 млрд.теңгеге 7 өтінім бар, деп ҚазАгродан хабарлады.

Шағын және орта бизнесті қолдау аясында «ҚазАгро» Ұлттық холдингі компаниялар тобымен Қарағанды облысында 822,6 млн.теңгеге 9 Несиелік серіктестер (145 қатысушы) қаржыландырылды. Барлығы 218 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы - арнайы техника, жабдықтар сатып алынды. «Сыбаға» фермерлік шаруашылықтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде холдинг қаржыландыруымен 5 090 аналық бас, 307 асыл тұқымды мал алынды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ микронесиелеу бағдарламалары арқылы 941,1 млрд.теңге сомасына 438 микронесиелер («Сыбаға» бағдарламасынан басқа) берілді. Жаңа 15 жұмыс орындары құрылып, 579 адам жұмсыпен қамтылды.




Яндекс.Метрика