Инвестициялар

Атырауда «Эксперт-Батыс Қазақстан» І Аймақтық инвестициялық-экономикалық форумы өтеді

Атырау қаласында 3 сәуір күні Кәсіпкерлердің «Эксперт-Батыс Қазақстан» І Аймақтық инвестициялық-экономикалық форумы өтеді.
Атырау28 Наурыз , 12:00

 «Эксперт    -  Батыс  Қазақстан»  жобасы  Қазақстан  аймақтарының  инвестициялық  тартымдылығын  арттыру  бойынша  мемлекет  бастамасына  көмек  көрсетуге  және  өңірлік  бизнесті  дамытудың  негізгі тенденцияларын  анықтауға тартылған, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Форумның мақсаты: Қазақстан Республикасының Батыс өңіріндегі инвестициялық климат деңгейін артыруға себептесу.

Форумда Батыс өңіріндегі әлсіз аспектілерге қатысты көтерілулер бойынша шараларды  іздеуге  арналған,  соның  ішінде  еңбек,  инфрақұрылым  және  экология  сауалдары  жөніндегі  аса  көкейкесті  тақырыптар талқыға салынатын болады.

Форум   аясында   «Батыс   өңірдің   инвестициялық   климатының   бағасы»   зерттеу нәтижелері,  сонымен  қатар  Батыс  Қазақстанның  ірі  бизнесінің  рэнкингінің  қорытындылары  тарту етіледі.

Форум жұмысына министрлік пен облыстық әкімшіліктің бас тұлғалары, батыс өңірдің облыстық  бизнес қоғамдастығының өкілдері, сонымен қатар ҚР КҰП қатысатын болады.




Яндекс.Метрика