Өңірлер

Таразда таунхаустар соғылатын болды

Тараз қаласында «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында таунхаустар құрылысы жүргізілмек. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаевтың төрағалығымен өткен жиналыста белгілі болды.
Жамбыл28 Наурыз , 11:30

«Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған жиналысқа  «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ы,  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы, «Там Құрылыс» ЖШС-і, «Бином» ЖШС-і және тағы басқа жергілікті құрылыс компанияларының басшылары қатысты, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Үстіміздегі жылдан бастан «Там Құрылыс» ЖШС-гі Тараз қаласында канадалық технологиямен 130 отбасыға арналған таунхаустар құрылысын жүргізе бастайды. Өз кезегінде өңір басшылығы жер мәселесін де шешіп берген. Аталған таунхаустар «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында да қолжетімді болмақ. Бұл үйлер көбінесе АҚШ, Канада және Ресейде көп салынып жатыр, сондай-ақ, озық технологиямен салынған осындай үйлер сеймикалық жағынан да барлық талаптар мен нормаларға толық жауап береді.

Сонымен бірге, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ы Тараз қаласының «Бәйтерек» мөлтек ауданында екі көпқабатты үйдің құрылысын байтайды. Жыл соңына дейін 200-ге жуық тараздық отбасылар осы компания жүзеге асырып жатқан бағдарлама аясында қоныс тойын тойлайды деп күтілуде.

Бұған дейін Жамбыл облысының әкімдігі және «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ еншілес ұйымы - «Қазақстан Тұрғын үй-Құрылыс Корпорациясы» АҚ «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғандығы белгілі.

 

 




Яндекс.Метрика