Адами капитал

ҚР Омбудсмені БҰҰ-ның арнайы баяндамашысымен кездесті

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров құлдықтың заманауи форматы туралы мәселесі бойынша БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Гүлнар Шахинянмен кездесті.
Астана қаласы28 Наурыз , 11:15

Тараптар БҰҰ-ның 24 кеңесінде Қазақстанға жоғарыда аты аталған тақырып бойынша адам құқығы жөнінде берілген ұсыныстардың жүзеге асыру барысын талқылады, деп Қазақстан республикасының адам құқықтары жөніндегі Уәкіл апаратынан хабарлады.

Кездесу барысында Г. Шахинян заңнамалық түрде миграцияны реттеу, заңсыз мигранттардың құқығын қорғау, бас бостандығынан айырылғандарды темір тордын артында жұмыспен қамту мәселелерін қозғады.

Омбудсмен БҰҰ-ның арнайы баяндамашысының сұрақтарына нақты, әрі толығымен жауап берді.  Сонымен қатар, осы саладағы мемлекеттік қызмет туралы кеңінен әңгімелеп, жеткен жетістіктерін және кемшін түсіп жатқан тұстарды тілге тиек етті.

 

 

 




Яндекс.Метрика