Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Мемлекеттік басқару академиясы қызметкерлері ЭЫДҰ штаб-пәтеріндегі адалдық аптасына қатысты

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қызметкерлері Экономикалық әріптестік және даму ұйымының Париждегі штаб-пәтеріндегі адалдық аптасына қатысты.
Әлемде 28 Наурыз, 10:52

2014 жылғы адалдық апталығы ЭЫДҰ-ның штаб-пәтерінде адалдық пен жемқорлыққа қатысты мәселелерді талқылауға арналған шара аясында көптеген үкімет пен ғылыми орта, кәсіпкерлік пен азаматтық орта өкілдерінің басын біріктірді, деп хабарлайды Мемлекеттік басқару академиясы.

Адалдық форумының басты мақсаты жемқорлыққа қарсы күресте үкімет пен ұйымдардың тізе қосып әрекет етуін қалыптастыра отырып жемқорлықпен күресте жаңа ірі жобаларды анықтау мен жүйелі істерді құру.

Мемлекеттік басқару академиясының қызметкері Е.Жаркешев шараға арнайы шақырту алды.

Конференция барысында ол ЭЫДҰ Бас хатшылығының аға кеңесшісі Хуан Ермомен кездесіп, ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік жобасы тобымен жолықты.

Естеріңізге сала кетейік, ЭЫДҰ Қазақстанмен әріптестік құруға ерекше мүдделі болып отыр. Осы арқылы ол елімізді арнайы бағдарламалар жасайтын үш елдің біріне айналдырмақшы. ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық Мемлекет басшысының мемлекеттік органдарға осы ұйымның стандарттарын меңгеру туралы тапсырмасынан кейін қарқын алып отыр.





Яндекс.Метрика