Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қызылорда облысында 2014 жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасын толығымен аяқтау жоспарланып отыр

Қызылорда облысының әкімдігінде өткен кеңес барысында Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында ескерілген аймақтағы көлік саласының дамуы жөніндегі шаралар туралы айтып өтті.
Қызылорда28 Наурыз , 11:00

Облыста «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» (БЕ-БҚ) халықаралық транзиттік дәлізінің құрылысы жалғасуда. Көлік ведомствосының басшысы атап өткендей, Қызылорда облысы бойынша транзиттік дәліздің 812 километрі өтеді, оның 761 километрінде қозғалыс ашылған. Қалған учаскелердің құрылысын аяқтауды биылға жоспарланып отыр, деп ведомствода хабарлады.

БЕ-БҚ жобасы аясында құрылысты аяқтау кезеңіне қарай 48 көпір, 74 мал өтпесі, 14 екі деңгейлі жол тармағы, 2 теміржол өткелі салынатынын, 8 елді мекенде айналма жол болатынын атап өткен жөн. 

Азаматтық авиация саласын алатын болсақ, министр Қызылорда қаласы аэропорты акцияларын Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2013 жылдағы шілдеде құрылған «KTZ Express» АҚ ұлттық көліктік-логистикалық компаниясының басқаруына беру процессі жалғасып жатқанын атап өтті. Компания теміржол, теңіз, авиа- және автотасымалдауды, сонымен бірге порттар мен аэропорттар инфрақұрылымын және терминалдар жүйесін біріктірді.   

Өңірдің теміржол саласын дамыту аясында ұзындығы 517 километр «Жезқазған - Сексеуіл» теміржол учаскесін салу жөніндегі ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Жеңіс Қасымбек жоба шеңберінде 25 жаңа ірі жеке бекет, оның ішінде Қызылорда облысы аумағында 13 бекет ашу жоспарланғанын белгілеп өтті. Учаскедегі қозғалысты ашу биылғы желтоқсан айына белгіленген. 

Жұртшылықтың наразылығын ескере отырып вагон паркін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Тұлпар-Тальго» зауытының вагондары да болады. Көлік ведомствосы басшысының сөзіне қарағанда биылғы жылы Қазақстанда жаңадан 5 жүрдек қатынас орнатылады. Оның екеуі Қызылорда облысы арқылы өтеді. Олар «Астана-Қызылорда» және «Алматы-Ақтөбе» маршруттары.

Бұдан тыс, вокзалдарды жаңа Ұлттық стандарттарға келтіру мақсатында облыстың барлық вокзалдарын 2017 жылға дейін жөндеуді аяқтау, 2016 жылға дейін 8 автостанцияны және 1 автовокзалды стандарттарға сәйкестендіру жоспарланып отыр.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика