ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Атырау облысында қазақ тілінен «Жарқын болашақ» VI республикалық олимпиадасы өтті

Облыстық қазақ-түрік лицейі базасында жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі бойынша алтыншы республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасы өтті.
Атырау20 Наурыз , 10:30

Олимпиадаға 80 оқушы қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Білім бәйгесі бес бағыт бойынша өрбіді: «Тілтанушы-әдебиетшілер», «Жазушылар» (шығармашылық жұмыс байқауы), «Жас ғалым» (ғылыми жұмыс байқауы), «Әнші-бұлбұл» (қазақ тілінде ән салу), «Мәнерлеп оқу».

Айта кету керек, «Мәнерлеп оқу», «Тілтанушы-әдебиетшілер», «Әнші-бұлбұл» номинациялары бойынша қазақ тілді емес мектептің шәкірттері де мемлекеттік тіл білімдері бойынша сыналды.

Республикалық байқау жеңімпаздары Сүлеймен Демирел атындағы университеттің білім грантын ұтып алады.




Яндекс.Метрика