Евразиялық экономикалық кеңістік

ЕЭК сауда және кедендік бақылау саласында бірқатар шешім қабылдады

Еуразиялық экономикалық комиссиясының отырысында сауда және кедендік бақылау саласында бірқатар шешім қабылдады.
Әлемде28 Наурыз , 09:50

Атап айтар болсақ, отырыстың шешімі бойынша Кедендік одақтағы кедендік шекарадағы өзара бақылау бойынша Кеңес беру комитеті құрамы нақтыланды. Оның құрамына тауарларды тасымалдау жерлерінде бақылау қызметін атқаратын атқарушы биліктің ұлттық құзыретті органы, сонымен қатар Doing Business рейтингіне жауапты мемлекеттік органдар өкілдері енеді. Бұдан бөлек Кеңес беру комитетіне КО мүше мемлекеттердің бизнес-қауымдастығы өкілдері енгізілген, деп хабарлайды ЕЭК ресми сайты.

«Біздің ойымызша, Кеңес беру комитеті Кедендік одақтың кедендік шекарасынан өту уақытын қысқарту жолдарын іздестіруге арналған пікірталас алаңы болмақ», - дейді ЕЭК кедендік әріптестік министрі Владимир Гошин.

Алқа мәжілісінің тағы бір шешімі ретінде халықаралық тасымалдың транспорттық  құралдарын кедендік декларациялау тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілгенін айтуға болады. Енгізілген өзгерістер кедендік декларациялау кезінде КО мүше мемлекеттерде тіркелген ХТТҚ-ның автомобилін уақытша шақыруға мүмкіндік беріп, КО мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сай берілген ХТТҚ-на ұлттық тиесілілік пен мемлекеттік тіркеу туралы транспорттық құралға куәлігіне кедендік декларациялау ретінде кері шақыруға жағдай жасайды..  

Сонымен қатар, қабылданған шешімнің жағдайына сай кедендік одақтың лауазымды тұлғаларының ХТТҚ-на жазба мен белгілеуінсіз қарапайымдатылған тәртіппен КО мүше мемлекеттерде тіркелген ХТТҚ-тың уақытша алдырылатын және кері қайтарылатын автокөлігін кедендік декларациялау мүмкін болмақ.

ЕЭК кедендік әріптестік министрі Владимир Гошиннің айтуынша, аталмыш өзгерістер шекарадан өту кезінде кедендік рәсімдеу шараларын барынша қысқартып, өткізу пунктеріндегі автокөлік тығындарын азайтпақ.

 




Яндекс.Метрика