Өңірлер

Жаһандық қаржылық орталығы индексі бойынша Алматы 58-ші орында

Ағымдағы жылдың наурыз айы бойынша жаһандық қаржылық орталық индексінің халықаралық қорытындысы бойынша Алматы 58-ші орынға ие болды. Ол Варшава, Копенгаген, Мадрид, Праганы артта қалдырды, деп Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Мемлекет басшының төрағалығымен өткен отырыста мәлімдеді.
Алматы қаласы28 Наурыз , 09:40

«ТМД елдерінен ішінен Мәскеу – 73 орын, Санкт –Петербор – 78 орында. Сіздің тапсырмаңцыз бойынша қалада Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы  белсенді  жүзеге асуда. Индустрияландыру картасына 28 жоба енді, ол 5000 жұмыс орнын қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда 19 жоба жүзеге асырылды. Мемлекеттік бағдарламалардың қолдауы арқасында 20 мың жаңа жұмыс орны ашылды», - деді А. Есімов.

Сондай-ақ, қаланың бес негізгі бағыттары: инновациялық технологиялар паркінде кең экономикалық аймақтың дамуы. Екінші бағыт – Алатау ауданындағы Индустрияландыру аймағының дамуы, үшінші бағыт – мегаполистегі туризмнің дамуы.

«Осы үш бағыт қала экономикасының дамуына жаңа серпін береді, 40 мың жұмыс орны ашылады», - деді Алматы қаласының әкімі.

 

 




Яндекс.Метрика