Ұлттың денсаулығы

Атырауда дәрігерлік амбулатория ашылды

Атырау қаласының Еркінқала селолық округінде дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылуы өтті.
Атырау28 Наурыз , 10:30

Енді село тұрғындары дер кезінде жоғары білікті медициналық көмек ала алады. Жаңа әрі жайлы ғимаратта барлық қажетті кабинеттер бар. Ал оның кейбіреулері селолық округте бірінші рет ашылып отыр, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

Физиотерапевт кабинетінде оқушылар мен зейнеткерлер әртүрлі көмекті тегін ала алады. Жаңа отбасылық дәрігерлік амбулаторияда күндізгі 4-орындық стационар кабинет, стамотологиялық кабинет және дезинфекциялық-стерильдік кабинетттер бар. Ал, ең бастысы - дәріхана ашылды.

Бұл амбулаторияның бас дәрігерлерінің айтуынша, амбулаторияда жылу жүйелері, су құбыры, канализация жүйелері және т.б. жүйелер соңғы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ал, дәрігерлік амбулаторияның штат саны толық. Амбулатория 7 мыңға жуық адамға көмек береді.

 




Яндекс.Метрика