Ұлттың денсаулығы

Ақмола облысында жүзу бассейні ашылды

Ақмола облысы Ақкөл қаласында бассейннің ашылу салтанаты өтті.
Ақмола 28 Наурыз, 09:20

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, спорттыңқ нысанның  құрылысы 1984 жылы басталып, КСРО-ның құлауымен аяқсыз қалған еді.

2011 жылы ғимараттың техникалық жағдайын тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде ғимаратты қалпына келтіруге жарамды екені анықталды.

Осыдан кейін құрылысты аяқтау жобасы қолға алынды. Оның құны 307 млн теңгені құрайды. Нысанның ауданы 1691,8 шаршы метр.





Яндекс.Метрика