Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

ҚОСРМ басшысы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Батыс Қазастан облысына қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров жұмыс сапарымен барып қайтты.
Батыс Қазақстан28 Наурыз , 09:10

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық-насихаттау республикалық тобының құрамында аймаққа іс-сапары аясында ведомство басшысы облыс активінің алдында сөз сөйлеп, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің бағалы балықтардың тұқымдарын өсірумен айналысатын зертханасында болды.

Жолдауды түсіндіру барысында Н. Қаппаров республикамыздың 2050 жылға дейін дамуындағы басымдықтары: инновациялық индустрилизацияның дамуына, агроөндірістік кешеннің инновация рельсіне көшіру, қазақстандық ғылымның әлеуетін арттыру мақсатында  ғылымды қажетсінетін экономиканы құру, көлік пен энергетиканы, шағын және орта бизнесті  дамыту,  адам әлеуетін арттыру мен мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіруге кеңінен тоқталды.

Нұрлан Қаппаров атап өткендей, ауыз сумен қамтамасыз еті саласында 2020 жылға дейін тұрғындарды тұрақты  ауыз сумен қамту және 2030 жылға дейін ауылшарушылығын сумен қамтамасыз ету тапсырылған.

«2050 жылға дейін суға қатысты барлық проблемалар шешілуі тиіс. Бұл мақсатта инфрақұрылымдар жаңартылып, өндіріс, ауылшаруашылығы мен ТКШ суды үнемдеуді көтеру керек. Айта кетерлік жайт, су ресурстарының көлемін арттыруда трансшекаралық өзендерді пайдалану бойынша келіссөздер жүргізу, қолданыстағы және салынып жатқан инфрақұрылымдар арқылы жер асты суларын пайдалануды арттыру арқылы қол жеткізуге болады», - деп ҚОСРМ басшысы атап өтті.




Яндекс.Метрика