Экология

Қазақстандық және ресейлік туроператорлар Ақмола туристік жәрмеңкесіне қатысады

2014 жылдың 9-11 сәуірінде «Туризм. Сауықтыру. Қыдыру-2014» атты Ақмола өңірлік туристік жәрмеңкесі өтеді.
Ақмола28 Наурыз , 09:00

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің қолдауымен 2014 жылдың 9-11 сәуірі аралығында Ақмола облысы Бурабай ауылында «Туризм. Сауықтыру. Қыдыру-2014» атты 10-ыншы мерейтойлық Ақмола өңірлік туристік жәрмеңкесі өтеді.

Ведомствоның хабарлауынша, жәрмеңкеде қазақстандық және шетелдік туристік компаниялар ағымдағы жылға Ақмола облысының қонақ үйлері және демалыс орындарымен келісімге келеді. Айта кету керек, 2013 жылы Ақмола туристік жәрмеңкесіне 500-ден астам туристік компаниясы қатысқан болатын.

Шара жұмысына Қазақстанның барлық өңірлерінің, шет елдік әріптестердің, соның ішінде ресейлік туристік операторлар мен туристік фирмалардың, демалыс-сауықтыру орындарының, Ақмола облыстық ұлттық парктердің өкілдері қатысады.

 




Яндекс.Метрика