Халықаралық интеграция

«Қазақстан-2050» Стратегиясының аудармасы өзге мелекеттерге Қазақстанның мақсаты мен міндеттерін және басымдылығын зерттеуге мүмкіндік береді - Н. Айтмаханов

«Қазақстан-2050» стратегиясын әлемнің 20 тіліне аудару өзге мелекеттерге Қазақстанның мақсаты мен міндеттерін және басымдылығын зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін «Қазконтент» АҚ Strategy2050.kz ақпараттық порталында «Қазақстан-2050» Стратегиясының әлемнің 20 тіліне аударылған нұсқасының таныстырылымында ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлім етті.
Астана қаласы27 Наурыз , 17:10

«Көптеген елдердің осындай құжаттары  мемлекеттің стратегиялық даму жолымен сәйкестендіріледі. Менің ойымша әр мемлекет өзінің даму жолын алдағы уақытқа есептеп белгілейді. Біздің елшіліктер мен бас консулдықтарда ресми тілге аудару жұмыстарына дейін түсіндірме жұмыстары жүргізілді»,  -  деп Н. Айтмаханов атап өтті.

Оның пайымынша,  Қазақстанның даму жол картасы шетелдік серіктестерге жақсы мүмкіндіктер береді және еліміздің даму жолын көрсетеді.

«Айта кетерлік жайт, Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде және  әлемдік  қауымдастық алдында беделді, әрі жауапты мүше ретінде қалыптасты.  Қазіргі таңда Қазақстанда болып жатқан барлық процестер шетелдік серіктестердің назарынан тыс қалмайды», - деп ҚР СІМ баспасөз хатшысы ағынан жарылды.

Оның айтуынша, «Қазақстан-2050» стратегиясын әлемнің 20 тіліне аудару өзге мелекеттерге Қазақстанның мақсаты мен міндеттерін және басымдылығын зерттеуге мүмкіндік береді.

««Қазақстан - 2050» стратегиясын шет мемлекеттердің тілдеріне аударуда біз алдымен көршілерімізді яғни, Ресей, Қытай, Өзбекстан сынды мемлекеттерді басты назарға алдық. Содан соң осы уақытқа дейін стратегиялық байланыс орнатылған мемлекеттерді Германия, Франция сынды еуропалық елдерді аталмыш тізімге енгіздік. Сонымен қатар, Азия бағыты бойынша  Корея, Оңтүстік Корея, Жапония елдері енгізілді», - деп ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан  Айтмаханов толықтырды.

Естеріңізге сала кетейік, Бүгін  «Қазконтент» АҚ  Strategy2050.kz ақпараттық порталында ҚР Президентінің 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы  «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының әлемнің 20 тіліне аударылған нұсқасы таныстырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика