Білім беру

ҚР БҒМ басшысы қазақстандық білім беру жүйесіне жаңа әдіс енгізуді ұсынды

Бүгін «Қазақстан біліміндегі сыни ойлау» бейресми конференциясында ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов қазақстандық білім беру жүйесіне жаңа әдіс енгізуді ұсынды.
Астана қаласы27 Наурыз , 18:00

«Алдағы даму жолымыздың мықты болуы үшін біздің сыни ойлауға, қабілеттерді дамытуға және жан-жақтылықты арттыруға ынталандыратын өзгерістер қажет», - дейді еліміздің бас ұстазы.

Сонымен қатар, ведомство басшысы жаңа әдістер ұсына отырып, біздің жүйеге қажетті жалпы үрдістерді тілге тиек етті.

«Барынша білімді адамнан енді өмірлік жағдайларға дайындалған маманға ауысатын уақыт жетті. Демек бұл дегеніңіз беленді шығармашылық ойланатын, іскер, интеллектуалды, физикалық және адамгершілік дамитын адам. Сонымен қатар, «жақсы білім» тұжырымдамасынан алыстап, сол білімді тәжірибемен ұштастыру жағын ойластыру керек. Бұл дегеніңіз алдағы уақытқа психологиялық дайындық, біліктілікті арттыру», - дейді министр.

Сонымен қатар, А.Сәрінжіпов Қазақстанның PISA халықаралық зерттеуіне қатысу қорытындысын да таныстырды.

«Қазақстан екінші рет қызықты халықаралық зерттеуге қатысты. Бұл өте сенміді және болашағы зор жоба. Аталмыш зерттеу балалардың білімді пайдалануын үйретіп, ҰБТ-ға қарағанда білімнен гөрі сол білімді қаншалықты пайдалана алатыныңызды тексереді. Бұл шараға негізінен дамыған елдер қатысады», - дейді.

Министрдің айтуынша, зерттеудің нәтижесі елдердің даму көрсеткішімен пропорционал болып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан математикадан 49 орын, жаратылыстанудан 52, оқудан 60 орын алған.




Яндекс.Метрика