Халықаралық интеграция

«Қазақстан-2050» Стратегиясы шетел инвестицияларына жақсы жағдай тудыруда – ҚР-дағы ҚХР Елшісі Лэ Юйчен

«Қазақстан-2050» Стратегиясы шетел инвестицияларына жақсы жағдай тудыруда. Бұл туралы бүгін «Қазконтент» АҚ Strategy2050.kz ақпараттық порталында «Қазақстан-2050» Стратегиясының әлемнің 20 тіліне аударылған нұсқасының таныстырылымында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және уәкілетті елшісі Лэ Юйчен ағынан жарылды.
Астана қаласы27 Наурыз , 17:00

««Қазақстан - 2050» стратегиясын әлемнің 20 тіліне аудару Қазақстанның экономикалық инвестициялық жағдайына оң әсер етеді. Мәселен, бір ғана Қытайда 1,5 млрд. халық тұрады. Демек, өз бизнесін дамытқысы келетін кәсіпкерлер құжатта көрсетілген инвестициялық және бизнес мүмкіндіктерімен таныса отырып Қазақстанға ағылады», - деді сөз басында Лэ Юйчен.

Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және уәкілетті елшісі көршімізді қызықтырып отырған жобаларды тілге тиек етті.

«Бүгінде біз - Қытай тарапы экономикалық белдеу Жібек жолын дамытуға қызығушылық танытып отырмыз. Осы мақсатта Қазақстан мен Қытай бірлесіп бірқатар жобаларды жүзеге асыра алады», - деп Лэ Юйчен ағынан жарылды.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика