Халықаралық интеграция

Қытай мен Қазақстанның стратегиялық құжаттары өте ұқсас – ҚХР-ның Қазақстандағы Елшісі

«Қазақстан - 2050» стратегиясы мен «Қытайлық арман» стратегиясының арасында ұқсаттықтар көп. Бұл туралы бүгін «Қазконтент» АҚ Strategy2050.kz ақпараттық порталында «Қазақстан-2050» Стратегиясының әлемнің 20 тіліне аударылған нұсқасының таныстырылымына қатысқан Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және уәкілетті елшісі Лэ Юйчен мәлім етті.
Астана қаласы27 Наурыз , 19:10

«Мен, ҚР Президентінің 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы  «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын мұқият оқып шықтым. Тіпті, Н.Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауына арналған ҚР Парламентінің қос палатасының отырысына қатыстым. Аталмыш екі құжат өзінің мазмұны, стратегиялық, практикалық мінезі жағынан адамды таңғалдырады. Ол Президенттің ел басқарудағы әдісін көрсетеді», - деді Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және уәкілетті елшісі  Лэ Юйчен.

Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Қытайдың даму жолындағы стратегиялық құжаттарының арасындағы ұқсастықтарға тоқталды.

« «Қазақстан - 2050» стратегиясы мен «Қытайлық арман» стратегиясының арасында ұқсаттықтар көп. Олар даму жолы, жобаларды жүзеге асыру мерзімі жағынан бір бірімен сәйкес келеді. Жалпы, «Қытайлық арман» елімізді ХХІ ғасырдың ортасына дейін жаңғыртуды көздейді», - деп Лэ Юйчен ағынан жарылды.

 

 




Яндекс.Метрика